Коммунальное государственное учреждение «Пригородная средняя школа»
0
Бiздiн мактанышымыз

 

Қарасаева Нұргүл Нұрланқызы

 

1995 жылдың 18-інші қазанында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Пригород орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданды. Содан бастап, оқу үлгерімі жақсы болды. Бастауыш сыныптан бастап мектептегі домбыра үйірмесіне, одан кейін арнайы музыкалық мектептегі вокалга қатысты. Сөйтіп, сол өнерлерімен қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрді. Ал, жоғары сыныпқа келгенде математика, қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі үшінші, екінші және бірінші орындарға бірнеше мәрте ие болды. Нұргүл Нұрланқызын  ҰБТ-дан 118 балл жинап, «Алтын белгі» иегері атанды. Әкімнің атынан алғыс хат пен ноутбук ұтып алды. Мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң, өзі армандаған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға тапсырды. Университет қабырғасында да қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. «Студенттер сенаты» ұйымының мүшесі болды. Екінші курстың бірінші семестрін аяқтағаннан кейін, еліміздегі ең рейтингілі КТК арнасының «Жаңалықтар» бөліміне тәжірибе жинауға барды. Ондағы кәсіби тілшілерден сабақ алып, телевидение саласындағы білмегенін үйренді. 3 ай уақыттан кейін, ерекше көзге түскен ол арна басшыларының қалауымен жұмысқа қабылданды. Міне, қазір 2 жыл бойы сол телеарнада тілші болып қызмет етіп келеді. Мектебіміздің 2013 жылғы түлегі болған Нұргүл күнбе-күн күллі Қазақстанға жаңалық таратады. Түрлі оқиға орындарына барып, ақпарат жинайды. Оның бұдан әрі де алға қойған арманы асқақ, мақсаты биік. 

 

Қабақов Ұлықпан Алмуратұлы

Қабақов Ұлықпан Алмуратұлы 1994 жылы 22 қазанда  Ақтөбе

қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Пригород орта мектебіне 1-ші класқа барды. 1- 11 класс аралығында  үздік оқыды, мектептің әртүрлі іс -

шарларына және мектептен тыс жарыстарға қатысып, үлкен жетістіктерге жетті, ғылыми жобалар қорғады.

2011-2012 оқу жылында Пригород орта мектебін  аяқтап  «Алтын белгі»  иеленді. Еуразия Ұлттық университетінің «Ақпараттар технологиясы» факультетіне  түсті.  2012-2016 жылдар аралығында оқып «Үздік дипломмен» бітірді. Қазір Еуразия Ұлттық университетінің «Ақпараттық  басқару технологиясы» факультетінің  магистратурасында оқып білім алуда.

 

Ғизатова Жанерке Мәлікқызы

1992 жылы 13 ақпанда Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келді. Жанерке 1998 жылы Нұрпейіс Байғанин атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, аталмыш мектепте 2-сыныпқа дейін білім алды. 2000-2009 жылдар аралығында Пригород орта мектебін үздік бітіріп шықты. Мектепте өте жақсы оқу үлгерімімен, үлгілі тәртібімен ерекшеленуімен қатар, мектепішілік, мектептен тыс шараларға белсене қатысты. Қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 2008 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық олимпиадаға қатысып, І орын алды. Сол жылы «Байғанин ауданы жер-су атауларының лексика-грамматикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жоба қорғап, қалалық, облыстық деңгейде ІІ, ІІІ орындар алды. Жүлделі орындары үшін «Дарын», Кіші Ғылым Академиясы грамоталарымен марапатталды.  «Мен қала тазалығы үшін келесіні жасар едім...» атты қалалық шығармалар байқауында ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің ұйымдастыруымен өткізілген республикалық олимпиадада жүлделі ІІІ орын алды.

2009-2013 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінде білім алды. 2013-2015 жылдары ҚХР Синьцзян Университетінде «Қытай тілі» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Қазіргі таңда ҚХР Үрімші қаласында аудармашы болып қызмет етеді.  

 

Мухтарова Анара Кожабеккызы

Мухтарова Анара обучается в Пригородной средней школе с 10-го класса. С начала  обучения  показала твердые знания по  всем предметам. Анара очень  добрая,  отзывчивая,  скромная и справедливая.

В 2015 году закончила школу с отличием и получила знак «Алтын Белгі». В данный момент обучается в городе Астана в университете им. Гумилева на факультете «Иностранная филология»