«Пригород орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
"Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы"

11"а" сыныбында ZOOM платформасы арқылы "Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы" тақырыбында ашық сабақ

Математика пәнінің мұғалімі Жалгасова Лиза Акылбаевна математика,физика және информатика пәндері апталығында 11"а" сыныбында ZOOM платформасы арқылы "Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім "Ой қозғау", "Миға шабуыл" әдістерін қолдана отырып оқушыларға ауызша жаттығулар орындатып, сұрақтар қойды. Қай топ жүйрік екенін анықтау мақсатында оқушыларды 3 секциялық залға топқа бөліп, ақылдасуына мүмкіндік берді. Оқушылар топпен бірігіп орындаған тапсырмаларын өздері демонстрация жасап көрсетіп, түсіндірді. 11 сынып оқушылары болғандықтан сабақ соңына қарай мұғалім ҰБТ де математикалық сауаттылықтан кездесетін тапсырмадан орындатып, оқушылар "Плюс, минус, қызықты" әдісі арқылы бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білдіріп, кері байланыс берді. Сабақ мақсатына жету барысында мұғалім де, оқушылар да өз білімдерін, біліктіліктерін жоғарғы деңгейде көрсетті.